Жаңалықтар

500 ден аса кітап кітапхана қорына сыйға тартылды.

2 сәуір күні Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында «Кітапханаға кітап сыйла» акциясы аясында «Кітаптарды сыйға тарту» мәдени шарасы өтті. Акция аясында кітапхана қорына жазушы, ақын, сазгер Базархан Жақыбаев, ақын, жазушы, журналист Айдын Кәлімхан мен ақын, сазгер Ербол Оразбеков 500 ден аса кітаптарын сыйға тартты. Алғашқы сөзді Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының директоры Самал Шаяхметова сөз сөйлеп, Бақтыбай Жолбарысұлы атындағы №18 орта мектеп оқушылары Жетісу ақындарының өлеңдерін оқыды. Сондай-ақ, бұған дейін «Кітапханаға кітап сыйла» акциясына атсалысып, 500 дана кітап сыйға тартқан «Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы» мемлекттік мекемесінің «тіл» оқу-әдістемелік орталығының басшысы Жеңіс Жолдыбаев акцияны қолдауға шақырып, Дәнеш Рақышев атындағы филармонияның әншісі, Мәдениет қайраткері Оралбай Мұхамедиевтың әндері шырқалды. Айта кетейік, ак...
Толығырақ... Оқылды: 100 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 02.04.2024

«Жастар – лаңкестікке қарсы»

2024 жылдың 28 наурызында «Жастар – лаңкестікке қарсы» атты жастар дебаты өтті. Жастарды дебат ойындарына қатыстырудағы басты мақсаты олардың сыни ойлау қабілеттерін дамытып, қоғамдағы кез келген мәселеге пікір білдіре алатындай дәрежеге жеткізу. Шараға Талдықорған қаласының №18 орта мектептің 8 сынып оқушылары, Талдықорған индустриялық колледж студенттері қатысты. №18 орта мектептің 8 сынып оқушылары екі топқа бөлініп, «Forever» тобында Қалиасқар Аяжан, Сейдулла Айару және «Fenomen» тобында Ілияс Жаннұр, Серікбекқызы Дильназ қатысып, екі жақ терроризм туралы пікірталасты. Әр топ өз нұсқасын ортаға салып қорғады. Шара соңында №18 орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Қуанышбаев Қайыржан Жұмабекұлы оқушыларға қоғамдағы орын алып жатқан теріс ағымдардың қаупі мен зиянын түсіндіріп, жастардың патриоттық сезімін оятып, елін, жерін сүюге шақырды. Топ қатысушылары ойын еркін жеткізіп, т...
Толығырақ... Оқылды: 59 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.03.2024

WEB-RABIS бағдарламасының «Каталогизатор» модулінің «Мақалалар» деректер базасына енгізу тәсілдерін түсіндіретін библиографиялық онлайн-сабағы

Жетісу облысының Сәкен Сейфуллин атындағы орталық кітапханасының ақпараттық-библиографиялық бөлімі 2024 жылғы жоспарға сәйкес аудандық және қалалық кітапханалардың қызметкерлеріне WEB-RABIS бағдарламасының «Каталогизатор» модулінің «Мақалалар» деректер базасына мерзімді басылымдар бетіндегі мақалаларды енгізу тәсілдерін, толтыру жолдарын түсіндіретін библиографиялық онлайн-сабақты библиограф Ж.Султамбекова өткізді. Онлайн-сабаққа облыстың 8 ауданы мен 2 қаласынан 10 кітапханашылар қатысты. Сабақ барысында әр түрлі сұрақтар қойылып, оған тұшымды жауаптар берілді.
Толығырақ... Оқылды: 39 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 28.03.2024

«Театр ғажайып әлем»

27 наурыз - Халықаралық театр күніне орай Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған бөлімде «Театр ғажайып әлем» атты кітап көрмесі өткізілді. Шара барысында кітапханашы А.Абейбекова «Театр көктемі» атты кітап көрмесімен таныстырып, библиографиялық шолу жасалды. Қазақтың атақты режиссері Шәкен Аймановтың «Театр-адамның өзін-өзі саханадан көріп, өзін-өзі түсінетін орын деген сөздерінен, оқырмандарға театрға байланысты сахна өнері туралы қызықты деректерге мағлұмат берді. Қорыта келе Халықаралық театр күні - қайраткерлерінің кәсіби мерекесі ғана емес, күллі өнерсүйер қауымның төл мерекесі, сахна саңлақтарының кәсіби мейрамы жыл сайын атап өтілетіні жайлы айтып өтті.
Толығырақ... Оқылды: 36 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 27.03.2024

«Қазақ ұлттық музыкасының майталманы»

Жетісу облысының С.Сейфуллин атындағы орталық кітапханасында музыкатанушы-этнограф, композитор, Қазақстанның халық әртісі Александр Затаевичтің туғанына 155 жыл толуына орай «Қазақ ұлттық музыкасының майталманы» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрмеге А.Затаевичтің «Исследования, воспоминания, письма и документы», «1000 песен и кюев казахского народа», «500 казахских песен и кюев» атты кітаптары қойылса, композитор туралы жазылған «Бабалар сөзі», «Қазақ өнерінің тарихы», Ғ.Ахмедовтың «Алаш Алаш болғанда» т.б. қаламгерлердің жазған кітаптары қойылып, оқырмандар назарына ұсынылды. Кітап көрмесі кітапхана келген оқырмандарға таныстырылып, 4 кітап қолға берілді.
Толығырақ... Оқылды: 27 Санат: Жаңалықтар Уақыты: 26.03.2024
Создано на платформе Alison CMS © 2011-2025.
Дизайн и разработка сайта от компании «Licon».
Яндекс.Метрика